«Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі» » Қ.Мүсірепов ЖОМ
Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті басқару бөлімінің
"Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 394-19-85
Есепші бөлімі:
+7(747) 403-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі»
01
сентябрь
2022

«Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі»


                                  Келісемін:                                                               Бекітемін:                                  

               Мақтаарал ауданының адами әлеуетті                                  Мектеп директоры:             У.Қыдырбаев                                                дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің

                   меңгерушісі:________У.Исламова                                        «22»_04_2022  жыл

                    

  


Семинар тақырыбы:   «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын      арттырудағы рөлі»

Мақсаты :

1. Педагог-шебер,зерттеуші мұғалімдер оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыру әдістерін көрсету.

2.Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.

3. Қамқоршы мектеп  мұғалімдерімен  тәжірибе алмасу.

Міндеті:  Қамқорлыққа алынған  мектептердің  білім сапасын арттыруына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже: Қамқорлыққа алынған мектептердің шебер,зертеуші мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады,мұғалімдердің  кәсіби дамуына ықпал жасайды және педагог-шебер,зертеуші  мұғалімдер өздерінің шеберліктерін көрсетеді.

Семинарға қатысушылар:  Қамқоршы мектептердің тренерлері,педагог-шебер,педагог-зертеуші мұғалімдер және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері.

Өткізілетін орны: Мырзакент кенті,Мөлтек ықшам ауданы,Жоба 1/16

 Қ.Мүсірепов атындағы №20 ЖОМ


Мерзімі: 22.04.2022 ж                                                  

Семинар бағдарламасы


900-930


Семинарға қатысушыларды тіркеу


930-1000

Шығармашылық көрме

«Мектеп өмірі»  бейнеролик.

Концерттік бағдарлама


1000-1010

Семинардың ашылу салтанаты. Мектеп директоры: У.Кыдырбаев 

МААӘДБ  ӘК меңгерушісі: У.Исламова

МААӘДБ әдіскері: Н.Мырзалиева


Өткізілетін   ашық сабақтар

Уақыты

Пәні

Сынып

Сабақ

түрі

Тақырыбы

Мұғалімнің аты,тегі

1010-1055

Қазақ әдебиеті

7«А»

Ашық сабақ

«Т.Медетбектің «Тәуелсізбін-мен бүгін!» өлеңі»

Уразова Перизат

«Педагог-зертеуші»

1010-1055

Орыс тілі

5«А»

Ашық сабақ

«Здоровый образ жизни»

Расулова Тамара

«Педагог-зертеуші»

1010-1055

Қазақстан тарихы

9«Ә»

Ашық сабақ

«Астана-Тәуелсіз Қазақстанның астанасы»

Алимбаева Динара

«Педагог-зертеуші»

1010-1055

Қазақстан тарихы

8«Ә»

Ашық сабақ

«Қазақстан-майдан арсеналы»

Қазыбек Бекежан

«Педагог-зертеуші»

1105-1150

Қазақ тілі

3 «Б»

Ашық сабақ

«Есептік және реттік сан есім»

Бурашова Айнұр «Педагог-зертеуші»

1105-1150

Шебер сынып


Шебер сынып

«Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс»

Сатылханова А.

«Педагог-шебер»


Кофе –брейк 1150-1220


Семинарды қорытындылау

1220-1300

Семинарды қорытындылау, кері байланыс беру.


МААӘДБ әдіскері: Н.Мырзалиева 

«Қамқоршы мектеп» қауымдастығының жетекшісі: Ы.Жұманазарова

Мектеп тренері: А.Чопанов

ДОІЖО: А.Жораева










              ХАТТАМА

«Қ.Мүсірепов атындағы №20 ЖОМ» КММ                    22.04.2022 ж


    «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі» тақырыбында қамқоршы серіктесмектептер аясында өткізілген семинардың қатысушыларының отырысы болып өтті.

Қатысқандар: 39 мұғалім (тізімі бар)


Күн тәртібі:

1. «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі»  тақырыбында     қ   а    м    қ   о   р     ш     ы        серіктес мектептер аясында өткізілген семинардың қорытындысы туралы


ТЫҢДАЛДЫ: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қамқоршы серіктес мектептер қоғамдастығының үйлестірушісі  Ы.Жұманазарованың хабарламасы тыңдалды.Ол өз хабарламасында семинардың жоспарға сәйкес өтілгендігін, жоспарда белгіленген сабақтардың барлығы қамтылғандығын, сабақтардың жаңа әдістер арқылы тақырыпқа сай өтілгендігін айта келе семинарға қатысушылардың өз пікір-ұсыныстарын білдірулерін өтінді.

Қонысбек Арайлым- №1 «Абылайхан» атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

  -Бастауыш сынып пәні мұғалімі Бурашова Айнұрдың сабағы өте тартымды әсіресе «Word OL» программасы тиімді болды , «Ой қозғау» әдісі арқылы 3 тілде жан-жақты сөйлеуді дамыта отырып,өмірмен байланыстыра жоғары дәрежеде өтті және қоса айтқаны  «PISA» тапсырмаларын сабақта қолданғаны керемет болды.Сабақты жақсы ұйымдастырып өткені үшін аудандық марапатқа ұсынатынын айтып өтті. 

Қожакулова М.- «Нұрлы таң» жалпы орта мектебінің орыс тілі пәні мұғалімі:

-Мен 5«А»-сыныптағы Т.Расулованың   орыс тілі сабағына қатыстым. Мұғалімнің іс-әрекеттері өте жақсы, тамаша деп бағалаймын.Қолданылған  «Барабан» әдіс-тәсілдері  оқушылардың білім сапасына, пәнге деген қызығушылығын арттыратындай болғанын атап өтті.Оқушылардың жауаптарына қарап өтілген тақырыптың мазмұнын толық түсінгендігін айтты.

Оспанова Ғаухар.- Жас Алаш атындағы жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:

- Қазақ тілі және әдебиеті  пәні мұғалімі П.Уразованың  7 «А»сыныптағы қазақ әдебиеті сабағына қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Т.Медетбектің «Тәуелсізбін-мен бүгін!» өлеңі.Сабақта орындалған тапсырмалар, қолданған әдіс-тәсілдер барлығы уақтылы орындалды.Әрбір  әдістердә тиіді және оқушылар игере алатындай  дәрежеде қолданды.АКТ –ны  қолдануы өте жоғары деңгейде және «QR KOD» әдісін пайдаланғаны бізге жоғары деңгейдегі  жаңалық болды. Уразова Перизат апайды аудандық марапатқа ұсынды.

Сатыбалдиев Б.–«Нұрлы жол»  атындағы   №21 жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

 -Тарих пәні мұғалімі  Қазыбек Бекежанның  8«Ә»сыныптағы тарих сабағына қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан-майдан арсеналы».Сабақта орындалған тапсырмалар, қолданған әдіс-тәсілдердің барлығы жақсы. «Блум» түймедағы әдісі арқылы жақсы кері байланыс жасады.Ұсынысы,уақытты тиімді пайдалану керек деді. 

С.Датұлы  атындағы    жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі:

 -Тарих пәні мұғалімі  Алимбаева Динараның  9«А»сыныптағы тарих сабағына қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Астана-Тәуелсіз Қазақстанның астанасы».Сабақтың құрылымы,мақсаты  жүйелі құрылған.Әсіресе «Тәтті бинго» тәсілін сабақта қолайлы дәрежеде қолдана білді. Ұсынысы,мұғалім тарапынан баяулық басым,уақытты тиімді пайдалану керек деді. 

-Орақбаева Гүлбану-«Абай» атындағы №17 жалпы орта мектебінің мұғалімі:

- Қазақ тілі және әдебиеті  пәні мұғалімі Сатылханова Анардың шеберлік сағатына қатыстым.Тақырыбы: «Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс».Шебер сағат өте жоғары деңгейде өтті.Оқу үлгерімі төмен оқушылар-дың көз-қарасын ашу,ояту үшін өте көп әдіс-тәсілдер ұсынды.Ұсынысы, аудандық марапатқа ұсынды.


 -Н.Мырзалиева- Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері:

-«Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі» тақырыбында қамқоршы серіктесмектептер аясында өткізілген семинардың   жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып,ұйымдастырған мектеп тренеріне,директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарына және бүкіл ұжымға өз атынан алғысын айтып өтті.Ұсынысы бұл мектепте облыстық деңгейдегі математика-физика семинарын ұйымдастыру керектігін айтып өтті.Тағы бір ұсынысы семинарға қатысқан мұғалімдердің сабақтарға белсене қатысу қажеттігін және қатысқан сабақтарына талдау жасап,кері байланыс беру қажеттігін ескертіп өтті.

Чопанов А - «Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебінің» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері:

      -Құрметті әріптестер, бүгінгі мектебімізде өткізілген «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі»    тақырыбындағы семинарда өткізілген ашық сабақтардың,  шеберлік сағаттарға қатысып, куәгері болып отырсыздар.Осы семинарға қатысқан мектеп тренерлері, сарапшы пән мұғалімдеріне және «Абай» атындағы №17 алпы орта мектебінің оқу-ісі жөніндегі орынбасары, «Қамқоршы» мектеп  қоғамдастығының жетекшісі Ы.Жұманазароваға, МААӘДБ-нің әдіскері Н.Мырзалиеваның  айтқан құнды пікірлеріне, кері байланыстарына алғыс білдіретіндігін айтты.


   Қамқоршы мектеп  қоғамдастығының тренері  Ы.Жұманазарова қатысушы-лардың пікір-ұсыныстарын тыңдап, семинар жұмысын қорытындылады. Семинарды өткізген мектеп ұжымына, семинардың бағдарламасын талапқа сай жасап,ұйымдастырған мектеп тренері А.Чопановқа  ерекше рахметін айтты. Қамқоршы мектептер қоғамдастығының жоспары барлық мектептерге берілгендігін, осы семинарлардағы сабақтарға жетекші мектеп үйлестірушісі ретінде қатысып шыққандығын, қатысқан сабақтарына байланысты өз пікір- ұсынысын айтып, өтілген сабақтардың жоғары деңгейде өтілгендігін атап айтты.


ҚАУЛЫ:

1.Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебінде өткізілген «Педагог-шебер мұғалімдердің оқу үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі» тақырыбындағы семинар «жақсы» өткізілді деп бағалансын;


2.Семинар кезінде көрсеткен педагогикалық шеберліктері мен үздік сабақтары үшін  сабақ  өткен  пән  мұғалімдері  П.Уразова, А.Бурашова  және А.Сатылхановалар  аудандық деңгейде марапаттауға ұсынылсын.



                                                       Отырыс төрайымы:                 Ы.Жұманазарова

                                                       Отырыс хатшысы:                   С.Болғанова.



                  Мектеп директоры:                   У.Кыдырбаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив