Үздік ұстаз Чопанов Аскарбай Казыевич » Қ.Мүсірепов ЖОМ
Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті басқару бөлімінің
"Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 394-19-85
Есепші бөлімі:
+7(747) 403-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үздік ұстаз Чопанов Аскарбай Казыевич
15
декабрь
2022

Үздік ұстаз Чопанов Аскарбай Казыевич

Өмірбаян

      Чопанов Аскарбай Казыевич   1968 жылғы 05 қыркүйекте Түрікменстан Республикасы,Ташауыз облысы,Көнеүргенч ауданының Мәдениет ауылында дүниеге келген. 

1985 жылы Мәдениет ауылындағы №42   жалпы орта мектебін бітірді. 1985 жылы Нөкіс мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетіне оқуға түсіп, 1990 жылы география пәні оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп шықты. Еңбек жолын 1990 жылы №71 жалпы орта мектебінде география пәні мұғалімі болып бастаған.1996 жылы қазақтың ата мекені  Қазақстанға қоныс аударып,қазіргі Мақтаарал ауданының Жеңіс елді мекеніне көшіп келіп ұстаздық жұмысын Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебінде жалғастырды.Жоғары білімді,жоғары білікті ұстаз жастарға білім тәрбие беруде  бірден көзге түсті.Мектептегі және аудан облыс көлемінде өткізілген барлық іс-шараларға белсене қатысып жүлделі орындарға ие болды.Білім,тәрбие берген шәкіртері грантпен оқуға түсіп,Қазақстанның барлық жерлерінде мықты маман болып еңбек етуде. Чопанов Аскарбай  2005 жылдан бастап директордың оқу-ісі бойынша орынбасары қызметін абыроймен қоса атқарып келе жатыр.Мақтаарал ауданының беделді,абыройлы азаматы.Жанұясында:жұбайы және 4 ұл,1 қызы бар.

1 ) 2018 жылы география пәні бойынша Түркістан облыстық мұғалімдер олимпиадасында «Бас жүлде» жеңіп алды.

2) «Үздік сабақ-2018» аудандық байқауында І дәрежелі Диплом.

3)  2018 жылы география пәні бойынша Мақтаарал аудандық мұғалімдер олимпиадасында   І дәрежелі Диплом.

4) 2019 жыл Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының Мақтау грамотасы

5) 2019 жыл Мақтаарал аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды

 6) 2019 жылы  Озық инновациялық жобалар арасында өткен І Фестивальдің «Білім мазмұны және жаңа білім технологиялары» бағытында танытқан шеберлігі үшін  ІІ дәрежелі Дипломы мен марапатталдым.

7). 2020 жылы Мақтаарал ауданы әкімінің «Білім беру саласының өркендеуі жолындағы адал қызметі» үшін  Алғыс хатпен марапатталды

8) 2021 жылы НұрОтан партиясының төрағасы Б.Байбектің Алғыс хатымен марапатталды.

9) 2021 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хатымен  марапатталды.

10) 2021 жылы ҚР Президентінің 2021 жылғы 02 желтоқсандағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Чопанов Аскарбай  өзі еңбек ететін ұжымда тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, қайырымдылық шараларын өткізіп, бойында таланты бар балғындарға барынша қолдау көрсетуде.Тамыз айында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясына қатысып жетім балаларға мектеп формалары мен оқу-құралдарын алып берді. Арыс қаласындағы жарылысқа,  Төлеби ауданындағы су тасқына,Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтан тарыққан шаруаларға шөп-жем жіберуге,Жамбыл облысы Байзаков ауданындағы жарылыстан зардап шеккендерге   қаржылай көмек берді. Мақтаарал ауданындағы барлық игі іс-шараларына қатысып, айтулы демеушіліктер жасап келеді. 


Байланыс телефоны: 8 (777)5316830

Электронды поштасы: aseke.19.68@mail.ru

Мекен-жайы: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті,Мөлтек аудан  Жоба 4 №48 үй.







                               
              
                             






Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив