""Lesson study-оқыту тәжірибесін жетілдірудің тиімді тәсілі» » Қ.Мүсірепов ЖОМ
Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті басқару бөлімінің
"Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 394-19-85
Есепші бөлімі:
+7(747) 403-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ""Lesson study-оқыту тәжірибесін жетілдірудің тиімді тәсілі»
01
сентябрь
2022

""Lesson study-оқыту тәжірибесін жетілдірудің тиімді тәсілі»

"Lesson study-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсіл"

      Келісемін:                                                                               Бекітемін:                                  

   Мақтаарал ауданының адами әлеуетті                                         Мектеп директоры:                 У.Қыдырбаев                

   дамыту бөлімі әдістемелік кабинетінің                                                            

   меңгерушісі:________У.Исламова                                                        «06»_04_2022  жыл



Семинар тақырыбы: «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде Lesson study-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсілі»

Мақсаты :

1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында сабақты зерттеу  арқылы білім сапасын арттыру.

2.Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру.

3. Серіктес мектеп  мұғалімдерімен  тәжірибе алмасу.

Міндеті:  Серіктес мектептердің сабақты зерттеу  арқылы білім сапасын арттыруына ықпал жасау.

Күтілетін нәтиже: Сабақты зерттеу бойынша серіктес мектеп мұғалімдері өзара тәжірибе алмасады,мұғалімдердің  кәсіби дамуына ықпал жасайды және оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  ұсынады.

Семинарға қатысушылар: Серіктес мектептердің тренерлері,мұғалімдері және аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлері.

Өткізілетін орны: Мырзакент кенті,Мөлтек ықшам ауданы, Жоба 1/16

 Қ.Мүсірепов атындағы №20 ЖОМ


Мерзімі: 06.04.2022 ж

Семинар бағдарламасы


900-930


Семинарға қатысушыларды тіркеу


930-1000

Шығармашылық көрме

«Мектеп өмірі» видеоролик.

Концерттік бағдарлама


1000-1010

Семинардың ашылу салтанаты. Мектеп директоры: У.Кыдырбаев 

МААӘДБ  ӘК меңгерушісі: У.Исламова

МААӘДБ әдіскері: Ш.Спанова


                                 Өткізілетін   зерттеу сабақтары

Уақыты

Пәні

Сынып

Сабақ

түрі

Тақырыбы

Мұғалімнің аты,тегі

1010-1055

Математика

5«А»

Зерттеу сабағы

«Пайыз»

Имамкулова Жұпар

1010-1055

Дүниетану

4«А»

Зерттеу сабағы

«Тоқтар Әубәкіров-қазақтың тұңғыш ғарышкері»

Ахмедова Айжан

1010-1055

Физика

7«Ә»

Десант сабақ

«Кинетикалық және потенциал энергия»

Бекжанова Ақерке «Нұрлыжол» ЖОМ физика пәні мұғалімі

1105-1150

Математика

4«Ә»

Зерттеу сабағы

«Қос теңсіздіктер»

Тұтанбаева Айгүл

1105-1150

Информатика

6«Ә»

Зерттеу сабағы

«Реферат,авторлық құқық,плагиат»

Сүйчбеков Даулет

1105-1150

Биология

9«А»

Десант сабақ

Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда алынатын өнімдері. Инсулин өндірісі.

Утеулиева Н. Жаңа жол ЖОМ биология пәні мұғалімі

1105-1150

Коучинг


Коучинг сабақ

«Сабақты зерттеу үдерісінде оқу сапасын жақсарту»

Абдишукурова Гүлшат


Кофе –брейк 1150-1220


Семинарды қорытындылау

1220-1300

Семинарды қорытындылау, кері байланыс беру.


МААӘДБ әдіскері: Ш.Спанова

Серіктес мектептер қауымдастығының жетекшісі: А.Сатыбалдиева

Мектеп тренері: А.Чопанов












                    ХАТТАМА

«Қ.Мүсірепов атындағы №20 ЖОМ» КММ                    06.04.2022 ж


   «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты зерттеу-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсілі» тақырыбында серіктесмектептер аясында өткізілген семинардың қатысушыларының отырысы болып өтті.

   Қатысқандар: 38 мұғалім (тізімі бар)


Күн тәртібі:

1.«Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты зерттеу-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсілі» тақырыбындасеріктес мектептер аясында өткізілген семинардың қорытындысы туралы

ТЫҢДАЛДЫ:Күн тәртібіндегі мәселе бойынша серіктес мектептер қоғамдастығының үйлестірушісі Сатыбалдиева Ақжарқынның хабарламасы тыңдалды.Ол өз хабарламасында семинардың жоспарға сәйкес өтілгендігін, жоспарда белгіленген сабақтардың барлығы қамтылғандығын, сабақтардың «Сабақты зерттеу» үдерісі бойынша зерттеу сабақтары ретінде тақырыпқа сай өтілгендігін айта келе семинарға қатысушылардың өз пікір-ұсыныстарын білдірулерін өтінді.

Қасқырбаева Айна- №21 Нұрлы жол атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі:

  -Бастауыш сынып пәні мұғалімі Тұтанбаева Айгүлдің сабағы ұнады, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері тиімді болды. Бұл сыныптың бақылаушы мұғалімдері А.Бейсенбаева,Д.Сыддыкова,Г.Пернеевалардан зерттеулерінің қорытындысын айтуларын сұрады.Олар өз кезегінде 4 «А»-сыныптың А, В, С деңгейлеріндегі оқушыларының сабақ барысындағы іс-әрекеттері туралы өздерінің бақылауларының нәтижелерін тыңғылықты баяндап шықты.

   Сатыбалдиева А.- Жаңа жол атындағы жалпы орта мектебінің математика пәні мұғалімі, мектеп тренері:

-Математика пәні мұғалімі Ж.Имамкулованың 5 «А»сыныптағы математика сабағына қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Пайыз».Сабақта орындалған тапсырмалар, қолданған әдіс-тәсілдер барлығы уақтылы орындалды.Бақылаушылар: Ж.Сыддыков,М.Жәнібек,Ж.Нұрлыбекова,К.Тәжібаева,Ұ.Уразымбетовалар А,В, С деңгейлердегі оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін айта келе, бүгінгі үшінші тізбектелген сабақта В, С деңгейіндегі оқушыларда алдағы сабақтарғақарағанда ілгерілеушілік болғанына тоқталды.

Кабулаева З- С.Датұлы жалпы орта мектебінің  физика пәні мұғалімі:

-Мен 7 «Ә»-сыныптағы А.Бекжанованың физикадан десант сабағына қатыстым. Мұғалімнің іс-әрекеттері өте жақсы, тамаша деп бағалаймын.Қолданылған әдіс-тәсілдері   оқушылардың білім сапасына, пәнге деген қызығушылығын арттыратындай болғанын атап өтті.Оқушылардың жауаптарына қарап өтілген тақырыптың мазмұнын толық түсінгендігін айтты 

Полатова Д–С.Рахымов атындағы  №4 жалпы орта мектебінің  математика пәні мұғалімі:

 -Информатика пәні мұғалімі Д.Сүйчбековтың 6 «Ә»сыныптағы информатика сабағына қатыстым.Сабақтың тақырыбы: «Реферат,авторлық құқық,плагиат».Сабақта орындалған тапсырмалар, қолданған әдіс-тәсілдер барлығы уақтылы орындалды.Бақылаушылар: Ж.Иманбетова,Г.Мелдеханова,Ғ.Айтанова,Ш.Шынтеміровалар А,В, С деңгейлердегі оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттерін айта келе, бүгінгі екінші тізбектелген сабақта А,В, С деңгейіндегі оқушыларда алдағы сабақтарғақарағанда ілгерілеушілік болғанына тоқталды.

Абдікадырова Қ – Х.Доспанова атындағы жалпы орта мектебінің тарих,география пәні мұғалімі:

           -Мен 9 «А»-сыныптағы Н.Утеулиеваның биологиядан десант сабағына қатыстым.  Мұғалімнің іс-әрекеттері өте жақсы, тамаша деп бағалаймын.

Қолданылған әдіс-тәсілдері  оқушылардың білім сапасына, пәнге деген қызығушылығын арттыратындай болғанын атап өтті.Оқушылардың жауаптарына қарап өтілген тақырыптың мазмұнын толық түсінгендігін айтты.

А.Тәжібаев- №21 Нұрлы жол атындағы жалпы орта мектебінің химия пәні мұғалімі:

-Г.Абдишукурованың «Сабақты зерттеу үдерісінде оқу сапасын жақсарту» тақырыбындағы коучинг-сабағы ұнады, түрлі әдістер қолданды, сергіту сәтіндегі түрлі тәсілдерінің өзі тақырыпқа сай болды.


Наржігітова Гүлжан- Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері:

-Бастауыш сынып пәні мұғалімі Ахмедова Айжанның сабағы жақсы, мұғалімнің қолданған әдіс-тәсілдері тиімді болды. Бұл сыныптың бақылаушы мұғалімдері А.Жасұзакова,М.Утешова,А.Бурашовалардан зерттеулерінің қорытындысын айтуларын сұрады.Олар өз кезегінде 4 «Ә»-сыныптың А, В, С деңгейлеріндегі оқушыларының сабақ барысындағы іс-әрекеттері туралы өздерінің бақылауларының нәтижелерін тыңғылықты баяндап шықты.Әдіскер топтық жұмысты сабақтың жоспарына енгізу керектігін және қалыптастырушы бағалауды көбейту қажеттігін ұсынды. 

Чопанов А - «Қ.Мүсірепов атындағы №20 жалпы орта мектебінің» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп тренері:

-Құрметті әріптестер, бүгінгі мектебімізде өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты зерттеу-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсілі»  тақырыбындағы семинарда өткізілген зерттеу сабақтарының, десант-сабақтардың, коучинг-сабақтарға қатысып, куәгері болып отырсыздар.Осы семинарға қатысқан мектеп тренерлері, сарапшы пән мұғалімдеріне және «Жаңа жол атындағы №25 жом»-нің тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары, жетекші мектеп  қоғамдастығының жетекшісі А.Сатыбалдиеваға, МААӘДБ-нің әдіскерлері Ш.Спановамен  Г.Наржігітовалардың  айтқан құнды пікірлеріне, кері байланыстарына алғысымызды білдіреміз! 


   Жетекші мектептер  қоғамдастығының тренері  А.Сатыбалдиева қатысушы-лардың пікір-ұсыныстарын тыңдап, семинар жұмысын қорытындылады. Семинарды өткізген мектеп ұжымына, семинарды ұйымдастырып бағдарламасын жасап, сабақты зерттеу жұмыстарын қысқа уақыт ішінде жолға қойған мектеп тренері А.Чопановқа  ерекше рахметін айтты. Серіктес мектептер қоғамдастығының жоспары барлық мектептерге берілгендігін, осы семинардағы сабақтарға жетекші мектеп үйлестірушісі ретінде қатысып шыққандығын, қатысқан сабақтарына байланысты өз пікір- ұсынысын айтып, өтілген сабақтардың жоғары деңгейде өтілгендігін атап айтты.


     ҚАУЛЫ:

   1.«Қ.Мүсірепов атындағы №20 ЖОМ »-де өткізілген «Жаңартылған білім беру мазмұны негізінде сабақты зерттеу-оқыту тәжірибесін жетілдірудің  тиімді тәсілі» тақырыбындағы семинар «жақсы» деп бағалансын;


    2.Семинар кезінде көрсеткен педагогикалық шеберліктері мен үздік сабақтары үшін сабақ өткізген пән мұғалімі Ж.Имамкулова және сабақты зерттеуші топтың жетекшісі Ж.Нұрлыбекова  аудандық деңгейде марапаттауға ұсынылсын.



                                                      Отырыс төрайымы:                 Сатыбалдиева А.

                                                       Отырыс хатшысы:                   Борашова А.



                          Мектеп директоры:                   У.Кыдырбаев
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив