Информатика апталығы » Қ.Мүсірепов ЖОМ
Түркістан облысы адами әлуетті дамыту басқармасының
Мақтаарал ауданының адами әлеуетті басқару бөлімінің
"Қ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(707) 394-19-85
Есепші бөлімі:
+7(747) 403-04-09
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Информатика апталығы
25
октябрь
2022

Информатика апталығы

«Цифрлық әлем»

апталығының қорытынды есебі

«Цифрлық әлем» атты информатика апталығының өткізілуі туралы есебі.

    Қазан айының 17-21  күндері аралығында «Информатика кемесі білім теңізінде» атты информатика пәні апталығы өтті. 

      Мақсаты: Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын арттыру.

      Апталықтың ашылуы 17.10.2022ж  күні сағат 11:00-де өткізілді. Салтанатты ашылу 5-кластар арасында өткізілген «Көңілді информатика» атты интелектуалдық ойынмен жалғасын тапты. Пән мұғалімдері: Иманбет Айнагүл, Туреханова Жамила. Интелектуалдық ойынға 5 класс оқушылары белсене қатынасты. 

     Апталықтың екінші күні, яғни 18.10.2022ж  күні  «Адалдық дүкені» атты танымдық сұрақ- жауап  өткізілді. Пән мұғалімдері: Иманбет Айнагүл, Туреханова Жамила. Бұл танымдық сұрақ- жауап  тапсырмаларына мектеп құралдарымен тәттілер болды, заттардың артына сұрақтар жасырылып тұрды.Оқушылар мен мұғалімдер қатысты, жеңімпаздар  оқушылар мен мұғалімдер болды. 

     Апталықтың үшінші күні 19.10.2022ж «Робот макеті» тапсырмасы берілді. Оқушылар үйлерінде дайындап келіп өз жалғасын тапты. Сынып жетекшілеріде белсене қатысты,  6  А   сынып оқушы Арыстан Асылжан, 9 Ә сынып оқушылары, 5 А сынып оқушысы Құттыбай Мейіржан, 6 Ә сынып оқушысы Амантай Бекарыс, 3 Ә сынып оқушысы  Қалықберді Айдана  белсенділік танытты  көп көңіл бөлді және  қызық өтті.

      Апталықтың төрітінші күнінде 20.10.2022 ж информатика пәні мұғалімі  Иманбет Айнагүл «Компьютер құнын есептеу» тақырыбында  9 А сынып оқушыларына ашық сабақ  өткізді.

    Апталықтың бесінші күнінде  21.10.2022 ж    6-9  сыныптар арасында  Иманбет Айнагүл, Туреханова Жамила пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  «Цифрлық әлем» атты эсатфеталық   сайыс өтті ойын өтті. Ойынға әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты. Қалған оқушылар көрермен ретінде ойынды тамашалап, өз сыныптастырына жанкүйер болды. Бұл жарыстың бас жүлдесі  8 А сынып оқушыларына  бұйырып, олар «Информатиктер » атағына ие болды.  Сайыстың әділ қазы алқалары ДОІЖО А. Жораева мен Тәлімгер  Ж.Сыдыков  әріптестеріміз  бағалап отырды. Сайыстың соңында барлық сыныптарды мақтау қағаздарымен мадақтады. 

       Апталықтың бесінші күнінде 21.10.2022 ж информатика пәні мұғалімі   Туреханова  Жамила «Сымсыз желілер» тақырыбында  6  А сынып оқушыларына ашық сабақ  өткізді.

Апталық 10-11 кластар арасында информатика пәні мұғалімдері  Иманбет Айнагүл, Туреханова Жамиланың ұйымдастыруымен «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты тұсаукесер (презентация) және видео байқаумен қорытындыланды. «Қазақстан туған елім, ұлы өлкем» атты презентация ( тұсаукесер) және видео байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналды. Бұл байқауда 10-11 класс оқушыларының өз отанын қалай сүйетіндіктеріне куә болдық. Біздің оқушыларымыз Қазақстан Республикасының нағыз патриоттары екен. Байқаудың да негізгі мақсаты компьютерлік сауаттылықпен қатар өз елін, жерін, сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу еді. Көзделген мақсатымызға жеттік. Байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны мен ашылды. 10-11 сынып оқушылары компьютерде дайындаған өз жұмыстарын қорғады. Сонымен қатар байқауда қазақтың биі биленіп, 9 «А» сынып оқушысы  Рейім Ақжайық «Адай» күйімен мерекемізге шашу шашты. 

Апталықтың соңғы күні жеңімпаз оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттау арқылы аяқталды. Апталық барысында бекітілген сыныптан тыс шаралар өз уақытында өтті. Сыныптан тыс шараларға бірлестік жетекшісі   Нурова Қабира  информатика пәні мұғалімдері, директордың оқу-ісі меңгерушісі А. Жораева  қатысты. Бекітілген сыныптан тыс шараларды жауапты мұғалімдер үлкен жауапкершілік пен жоғары дайындықпен өткізді.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив